Bugin

Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Кеше, 25 желтоқсан күні кешке Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәуліктік әкімшілік қамаудан босатылды.

Қаржаубай Нұрымов Талғарда 10 желтоқсан күні ұсталған.  Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, шу шығарған. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалған еді.