Bugin
Фото: ТЖМ
Апатқа ұшыраған ұшақ қазан айында толық техникалық бақылаудан өткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақтау маңында құлаған ұшақ қолданыста жүргеніне 11 жыл болған. Эмбрэйер 190 борты Бакуден Ресейдің оңтүстігі мен Таяу Шығысқа және Орталық Азияға қатынаған. Былтыр 225 рейс жасаған. Алайда 2023 жылдың қазанынан бері бір жыл бойы ешқайда ұшпаған. Содан биыл қатарға қосылып, 105 рейс орындаған.
Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, апатқа дейін ұшақ діттеген жерге бір сағатта жету керек болған.
Алайда Грозныйға, одан кейін Махачкалаға ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмай, көкте 2,5 сағат ұшып жүрген.