Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ТЖМ
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, оның бірінің кім екенін тапты. Ол әзербайжандық келіншек екен. Сондай-ақ санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келген.
Бүгін таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да РФ ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей азаматтары эвакуацияланды. Ұшақта ресейлік 16 азамат болған. Оның жетеуі мерт болды. Қалған тоғызы еліне қайтты.
Дәрігерлер ауруханада 20 науқас бақылауда екенін айтты.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61