Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты концерт өткізуден бас тартты. Ол әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әнші Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концерттері барын айтты. Бірақ қайғылы жағдайға байланысты бәрін тоқтатқан. Роза Зергерлі қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтты.
“Кеше қайғылы жағдай болды. Бұл тек Әзербайжан үшін емес, Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей және т.б елдер үшін де үлкен қайғы болды. Бұл – біздің ортақ қайғымыз. Бұлай болады деп ойламадық. Қазір мен Қазақстандамын. Бұл жерде жоспарланған концерттерім, гастрольдік турым бар. Бірақ бүгінгі концерт болмайды. Қайғылы жағдайдан кейін бас тарттық. Ертең де солай істейтін боламыз. 1500 адам жиналған концертке бардым. Бірақ мен ән салмадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Халық бұл шешімімді дұрыс қабылдап, қолдау білдірді. Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас өкініш пен трагедия”, - деді өнер иесі.
Оған қоса әнші апатқа ұшыраған ұшақта жақын құрбысының ұлы болғанын мәлімдеді.