Bugin

Ұшақ апатынан көз жұмған қазақстандықтарға төлемақы беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына берілетін төлем мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына төленетін жоспарлы төлемдердің қанша екенін айтты.

“Бір реттік көмек көрсетіледі. Қазір мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келсек, республикалық бюджет арқылы әрбір отбасына тиісті төлемдер жасалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 257 мың теңге”, - деді Сарбасов.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев бұл отбасына ай сайын 500 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілетінін қосты. Бозымбаев көпбалалы отбасыларға берілетін қаражат көлемі басқа болатынын айтты. Сонымен қатар 5 млн теңге көлемінде бір реттік кепілдендірілген мемлекеттік төлем қарастырылады.