Саясат

Джакарта жер астына кетіп барады

Индонезия астанасын басқа қалаға ауыстырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индонезия үкіметі ел астанасын Джакартадан өзге қалаға ауыстырмақ. Бұл шешімге қала жолдарындағы кептелістер мен қаланың жер астына түсуі себеп болып отыр. 

Астананың Джакартадан ауысуы жөнінде, елдің премьер-министрі Бамбанг Броджонегоро мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл "маңызды шешімді" президент Джоко Видодо қабылдаған.

Ел астанасының қай қалаға көшетіні әлі белгісіз. Индонезиялық мемлекететтік БАҚ-ның мәліметінше, Борнео аралындағы Палангкарайя қаласы, жаңа астана ретінде танылуы мүмкін.

Астананы неліктен көшіру керек?

Бұл 17 сәуірде болып өткен президент сайлауы, сондай-ақ, парламенттің екі палатасы мен жергілікті заң шығарушы органдардың сайлауынан кейінгі, Джоко Видодоның алғашқы шешімдерінің бірі. Сайлау барысындағы дауысты санау аясында, 270-ке жуық сайлау комиссиясының мүшесі, қатты қалжырағандықтан қайтыс болды.

Сайлаудың ресми нәтижелері 22 мамырда жарияланатын болса да, Видодо өзінің жеңісі туралы жариялады.

Индонезияның астанасын ауыстыру туралы идея көптен бері талқылануда.

Біріншіден, Джакартада кептелістер өте көп. 2016 жылғы зерттеулерге сүйенсек, бұл қалада, әлем бойынша ең ірі көлемдегі жол кептелулері орын алады екен. 

Жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша, ел астанасындағы кептелістерге жыл сайын 100 триллион рупий (6,8 млрд доллар) жұмсалады.

Бұдан бөлек, Индонезияда 20 жыл бойы үкіметті орталықсаздандыру бағдарламасы жүріп жатыр. Оның мақсаты – өңірлерге көбірек автономия және билік беру болып табылады. Сондай-ақ, Палангкарайя қаласы, Джакартадан қарағанда, архипелаг орталығына жақын орналасқан.

Ғалымдардың пікірінше 2050 жылы Джакарта толығымен жер астына кетуі мүмкін. Қала 13 өзеннің тоғысуындағы батпақты жерде тұр. Соңғы он жылда ол 2,5 метр төмен түсіп, жыл сайын 1 ден 15 сантиметрге дейін төмендеп барады.

Министрдің айтуынша, астананы ауыстыру процесі он жылға дейін созылуы мүмкін.

"Бразилия астанасын Риоден Бразилиаға көшірді, Канберраға қараңыз - ол Сидней мен Мельбурнның арасында тұр, Қазақстан да астанасын ел орталығына қарай ауыстырды, және Мьянма да өз астанасын Нейпьидоға ауыстырды", – дейді Бамбанг Броджонегоро.