Bugin

Астана - Екатеринбург бағытындағы рейстер тоқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Qazaqair

Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Qazaq Air әуе компаниясы мәлімдеді. 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстері ұшпайды. Бұл шешім Ресейге ұшу тәуекелдері бағаланғаннан кейін қабылданды. Яғни жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. 

“Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады”, - делінген әуекомпанияның хабарламасында. 

Бірақ QAZAQ AIR Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады.