Bugin

Маңғыстау облысында кен орнынан жұмысшының денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бозашы кен орнында жұмысшы өлі табылды, деп  хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қайғылы оқиға 24 желтоқсанда болған. Солтүстік Бозашы кен орнында 1988 жылы туған төртінші разрядты мұнай-газ өндіру операторы Досан Ахметов қаза тапты. Оның өлімінің себебі анықталып жатыр. Белгілі болғаны – марқұмның денесі жұмыс істеп тұрған мұнай айдағыштың жанынан табылған. 

“GPS деректеріне қарасақ, ол сағат 09:53-те объектіге келіп, кезекшілікке кіріскен. Ал 11:15-те оның өлі денесі табылды. 25 желтоқсан күні таңертең өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясы оқиға орнына барды”, – деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Нұрәлі Баулыбаев.

Инспекторлар жабдықтарды тексеріп, техникалық құжаттарды зерттеп, куәгерлерден жауап алды. Сонымен қатар мұнай айдағышты сынақ үшін іске қосып көрді. Сонымен қатар бұл мәліметтердің барлығы хаттамаға тіркелді.