Bugin

Ұшақ апаты: мерт болған экипаж мүшелерінің қайда жерленетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Report.az

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан мерт болған ұшқыштар мен бортсеріктің мәйіті еліне жіберіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әзірбайжандық жергілікті басылымдардың мәліметінше, апат болған AZAL ұшағының ұшқыштары Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және бортсерік Хёкума Алиева II Құрмет аллеясында жерленеді. 

Ұшқыштар мен бортсеріктің денесі әлі Қазақстанда.

Желтоқсанның 25-і күні Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Бакуден Грозныйға ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. 67 адамның 38-і көз жұмды. 5 экипаж мүшесінің үшеуі мерт болды, екі бортсерік Маңғыстаудағы ауруханада ем алып жатыр.