Bugin
Фото: Frepik.com
Синоптиктер 28-30 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше. алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де солтүстік-батыс циклоны жырасы әсер етеді, сондықтан қар, жаяу бұрқасын болады.
Тек 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады. Жерорта теңізі аймағынан келетін циклонның әсерінен елдің батысында, 27 желтоқсаннан бастап оңтүстігінде, содан кейін оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
Республика бойынша тұман күтіледі, елдің солтүстігінде жел күшейеді. Республиканың көп бөлігінде температура өзінің Климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде -7...-15 градусқа дейін, күндіз -5...-10 градус аязға дейін аздап төмендеуі күтіледі. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.