Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: instagram.com/advokatzhanna
Салтанат Нүкенованы өлтірген Қуандық Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған Жанна Оразбақова мен заңгер Ғабит Бекітаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұны Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық істің адвокаттары, сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін У. және Б.есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс жүргізу туралы заңда сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға тыйым салынғанын айтады. Алайда заңгерлер бұған қарамастан, БАҚ пен әлеуметтік желілерге тергеудің қалай өтіп жатқаны туралы мәліметтер таратқан.
Жанна Оразбақова сот тергеуін жариялады деген пікірмен келіспейтінін, қылмыстық іске қатысты пікірін білдірді.
«Менің үстімнен Алматы қаласы полиция департаменті қозғаған қылмыстық іс заңсыз. Өйткені, мен қылмыстық іс материалдарын көргенім жоқ, танысқан емеспін. Оларды мен қалай жариялаймын?»- деп жазды әлеуметтік желіге.