Bugin

“Құстарға соқтығысқан”: Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, апаттың негізгі себебі — құстар болуы мүмкін. 

"Билік: Муанда ұшақ апатқа ұшыраған кезде құспен соқтығысу шассидің істен шығуына себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты кеше, 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Олар Бангкоктен оралған.

Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. 

Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ, құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапты.