Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Бакуден ұшып келе жатқан ұшақтардың бірінен ақау шығып, ұшақ жедел түрде Ақтау әуежайына қонды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, оқиға сағат 09:04-те болған. Бортта жолаушылар болмаған екен.
Көлік министрлігінің мәліметінше, ақау Бакуден Ақтауға ұшатын ұшақта пайда болған.
"Қондыру қалыпты өтті. Ұшақтың тұмсығында ақау шықты. Аэродром және жерүсті қызметтері ұшақты ұшып-қону жолағынан сүйреп шығарды. Әуежай ашық және қалыпты режимде жұмыс істейді", - деді министрлік.
Қазір әуежай ашық, штаттық режимде жұмыс істейді.
“ASG Business Aviation LLC әуекомпаниясының G450 әуе кемесі қонды. Қону штаттық режимде өтті. 11/29 ұшу-қону жолағына бұрылу кезінде экипаж шассиінің тұмсық тірегін басқаруда қиындықтар болған. Аэродромнан сүйреткіш көлік шақырылды. Кеме тұрақ орнына жеткізілді”, - деп атап өтті комитет.