Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Египеттің шығысындағы Марс-Алам курорттық қаласының жағажайында акула туристерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kznews-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Нәтижесінде демалушылардың бірі қаза тапты. Ал екіншісі жарақат алды. Жәбірленуші Порт-Галиб ауруханасына жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, акула әкесі мен ұлына шабуыл жасаған. Әкесі алғашқы сәтте-ақ ұлын құртқара алмаған көрінеді.
Ведомство болған оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды. Министрлік Қызыл теңіз губернаторлығымен бірге іс жүргізіп жатыр. Акуланың жүзуге рұқсат етілген аймақтан тыс жерде шаубыл жасағаны белгілі болды.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61