Bugin

Ресей әуе апатына кінәлілерді тауып жауапқа тартатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Ресейге қойған талабынан кейін, Ресей әуе апатына кінәлілерді жауапқа тартатын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әзербайжан бас прокуратурасының мәліметінше, Ресей Ақтау маңында болған әуе апатына кінәлілерді тауып, оларды жауапқа тартуға уәде берді. 

Әзербайжан бас прокуроры Камран Әлиев оқиға болған күннен бастап, әуе апатына қатысты елдердің прокурорлары және тергеу комитетімен тығыз байланыста болған.

Оқиғаны жан-жақты, толық тергеу үшін Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилия елдерінің кәсіби тергеушілері мен сарапшылары қатысып, ауқымды әрекеттер жүргізді.

“Камран Әлиев қазақстандық әріптесі Берік Асыловпен әңгімелесу барысында жиналған айғақтарға дұрыс құқықтық баға беру, қылмыс болған жерді қарау, алғашқы айғақтарды жинау және басқа да маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Бірлескен тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді”, - деп мәлімдеді Әзірбайжан бас прокуратурасы.