Саясат

Жапония императоры тақтан бас тарту алдындағы рәсімдер сериясын жасады

Бұл соңғы 200 жылда болып отырған ерекше оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін кешке Жапония императоры Акихито тақтан бас тартады деп күтілуде. Сол себепті император тақтан бас тарту алдындағы рәсімдер сериясын бітірді. Бұл сәттерді "Асахи" телеарнасы көрсетті.

Тек билеуші ғана кие алатын, қоңыр киімге оранған және басына жібек бас киім киген Акихито император сарайының аумағында орналасқан, императорлық династияның негізін қалаушы деп есептелетін Аматэрасу құдайының ғибадатханасына ақырын басып кірді. Сол жерде император өзінің тыныштыққа кететіні жөнінде хабарламаны оқыды.

Акихитоның тақтан кетпес бұрын жасайтын рәсімдер сериясы 12 наурыздан бері жалғасып келеді. Бұл уақыт ішінде император жапондық діни сенім бойынша құдайларға және өзінің ата-бабасының аруақтарына, өзінің кететіні жайында және мұра бойынша өз орнын Нарухито ханзадаға қалдыратыны жөнінде ақпараттандырды.

Сондай-ақ, Жапонияның өзге де діни ғибадатханалары мен қасиетті орындарын зиярат етті. Соның ішінде Аматэрасу құдайының бас ғибадатханасы мен император Хирохитоның (Акихитоның әкесі) кесенесі бар.

Кешке Акихитоның тақтан бас тартуының ресми салтанаты болады. Ал 1 мамырдан бастап Нарухитоның билігі басталады.

Төмендегі кестеде Жапон императорлық үйінің шежіресі берілген.