Bugin

Елдос Сметов Лондонға көшпекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/yeldos60kg

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бірінші бол" сайтының мәліметінше, Елдос 4 айға тіл үйренуге Лондонға (Ұлыбритания) кетеді екен. 

"Елдос 4 айға Лондонға тіл үйрену курсына кетіп бара жатыр. Қайда тұрады, қайда оқиды – бәрі шешіліп қойылған. Өзім Қазақстанда боламын, Елдостан бөлек те шәкірттерім бар, соларды жаттықтырамын. Ғалымжан Қырықбай, Алтынбек Қонысбай деген балалар тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр", - деді бапкері.

Сондай-ақ Ғалымжан Жылгелдиев Елдостың алдағы Лос-Анджелестегі аламанда тағы бір рет топ жаруын қалайтынын да жоққа шығармады. 

“Біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін іштей қуаныш бар. Қазір түс сияқты. Парижде сезіне алған жоқпыз, ал елге келгенде жұрт аяғымызды жерге тигізбей, жан-жақтан құттықтап жатты. Сөйте тұра Елдос енді 2028 жылы Олимпиадада топ жарса, Париждегі жетістігін қайталаса екен деген арман-тілегіміз бар", - дейді ол.