Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Oxu.az
Бір моторлы төрт орындық van’s RV-10 ұшағы 200 адам жұмыс істейтін Оңтүстік Калифорниядағы (АҚШ) Michael Nicholas Designs жиһаз қаптау зауытының төбесін тесіп өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Oxu.Az мәліметінше, ұшақта болған 2 адам қаза тапты.
Ұшақ Оранж округіндегі Фуллертон муниципалды әуежайынан шыққаннан кейін бір минуттан кейін құлады.
Әуежай қызметкері Крис Виллалобос AP-ке ұшып шыққаннан кейін ұшқыш әуе диспетчерлеріне шұғыл қону үшін бұрылатынын айтқан. Ұшақ апатының себептері әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Ұшақ апаты 2 қаңтарда, жергілікті уақытпен сағат 14:00-де болды. Associated Press деректеріне сүйенсек, бірмоторлы ұшақ ұшқаннан кейін бір минут ішінде апатқа ұшыраған. Бұл оқиға муниципалдық Фуллертон әуежайының жанында, Диснейлендтен шамамен 10 шықырым қашықтықта болды.
Алғашқы деректер бойынша 11 адам жарақат алды деп хабарланғанымен, кейіннен Фуллертон полициясының өкілі Кристи Уэллс зардап шеккендер санының 15-ке жеткенін хабарлады. Олардың тоғызы ауруханаға жатқызылды, ал қалған алтауы оқиға орнында медициналық көмек алды. Полицияның соңғы мәліметі бойынша, 18 адам зардап шекті, оның ішінде 10 адам ауруханаға жеткізілді.