Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Видеодан алынған скриншот
Ақтөбеде электр ақауын тексермек болған ер адамды тоқ ұрып, қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға 31 желтоқсан күні кешке Кеңес Нокин ауылында болған.
"Мой город" басылымының мәліметінше, 38 жастағы ауыл тұрғыны электр жарығының сөну себебін анықтау үшін қосалқы станцияға барып жөндемек болған екен. Алдын ала мәлімет бойынша ол тоқ соғып, көз жұмған. Қосалқы станцияда қысқа тұйықталу болып, салдарынан өрт шыққан.