Bugin

Ертіске батқан көліктен бір адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ

Ертіске батып кеткен көліктегі бір адам аман қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл көлік бетон қоршауға соғылып, жарқабақтан өзенге құлап түсті. Салонда 4 адам болған. Жолаушының бірі көліктен шығып, жағаға жүзіп жетті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Оқыс оқиға орнына шақыртумен келген ТЖМ қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмысына кірісті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Қазіргі уақытта құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 қайық, 2 дрон, су асты эхолоты, 10 техника жұмылдырылған.