Weekend

Асанәлі Әшімовтың идеясымен түсірілген «Әруақ» фильмі не жайында?

27 сәуірде картинаның тұсаукесері өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

27 сәуірде Алматыдағы "MEGA Alma-Ata" сауда және ойын-сауық орталығында жаңадан ашылған "Chaplin Cinemas" кинотеатрында "Әруақ" көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Басты рөлде Асанәлі Әшімов ойнайды, ал режиссері – Қуат Ахметов.

Сюжетте Ағатай есімді жалғыз басты қарт туралы баяндалады. Оның кемпірі қайтыс болған, екеуінен ұрпақ та өрбімеген. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Қария өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздейді. Әйтсе де ол балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек балаға кезігіп, бастапқы жоспарын бұзуға мәжбүр болады.

Картина идеясының авторы Асанәлі Әшімовтың өзі екен. Түсірілім 2018 жылы жүргізілді. Сценарий авторлары - Қуат Ахметов пен Одильша Агишев. Сюжетке түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері арқау болыпты.

Айта кетелік, бұл режиссер мен актердің алғашқы бірлескен жұмысы емес. Қуат Ахметов осыған дейін Асанәлі Әшімовтың қатысуымен "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (2010 ж.) боевигін түсірген еді.