Bugin

Мерт болғандар бар: Қарағанды облысында көлік мұз астына түсіп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қарағанды облысында жолаушылары бар көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

5 қаңтар күні Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде Гүлшат және Тасарал кенттері арасында мал іздеуге шыққан үш адам көліктің ішінде отырып, мұз астына түсіп кетті. 

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Екі адам мұз астынан өз күшімен шыға алған. ТЖМ құтқарушылары тағы бір азаматты іздеу жұмыстарын жүргізді. 

Құтқарушылар су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесін шығарды.

Аман қалғандарға медициналық көмек қажет болмады.