Bugin

Көлік салығы алынып тасталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Енді қырғызстандықтартар автокөлік үшін салық төлемейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Президент Садыр Жапаровтың айтуынша, бұған жаңа заңның күшіне енуі себеп болып отыр. Енді елде “Жол қоры туралы” заң бойынша жанар-жағармайдың әр литрі үшін 1 сом (6 теңге 11 тиын) алым алынады.

“Енді көліктерге салық салынбайды. Оның орнына 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған жанармай мен дизельді отынның әр литрі үшін 1 сомнан алынады. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөліктерге салық төлемеген азаматтарға амнистия жариялауды тапсырдым”, - деді Садыр Жапаров.