Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Лос-Анджелестегі орман өрті кешеден бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Соңғы деректерге қарағанда, өрт салдарынан Лос-Анджелесте 5 адам қаза тапты. Белгілі Hollywood жазбасының өзі өртке оранды. Бұл Американың бүкіл киноиндустриясының бетбейнесіне айналған белгі еді.
Өрт аумағында Камала Харристің резиденциясы, сондай-ақ Бен Аффлек, Том Хэнкс сынды актерлер мен әнші Рианнаның үйі қалғаны туралы айтылып жатыр. Малибуда әнші Пэрис Хилтонға тиесілі үйлердің бірі толығымен жанып кеткен.
АҚШ-тың федералды авиация басқармасы өрт аймағына ұшуға тыйым салды.
Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның айтуынша, өрт әлі де толық бақылауға алынбаған. Қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін. Өртке байланысты 150 мыңнан астам тұрғын эвакуация аймағында тұр.