Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Olimpic.kz
Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстан азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Рио-де-Жанейро 2016 Олимпиадасына Қазақстан атынан шығып, қола жүлдегер атанған Галбадрах Отгонцэцэг енді қазақстандық емес. Дзюдошы Terminal подкасында берген сұхбатында өз міндеттемелерін орындап, енді өз еліне қайтқысы келетінін айтты.
Спортшы Моңғолия азаматтығын алғысы келген.
Алайда оның Моңғолия азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініші қабылданбаған. Өйткені Моңғолия заңы бойынша қос азаматтыққа рұқсат берілмейді. Моңғолияның тиісті органдары Қазақстан азаматтығынан шыққаннан кейін ғана өтінішті қабылдай алатынын мәлімдеген екен. Артынша Отгонцэцэг Моңғолия азаматтығын қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішпен Қазақстанның тиісті органдарына өтініш бергені анықталды.
Туризм және спорт министрлігі бұл туралы жауап беруден бас тартты. Алайда олар дзюдошының Қазақстан құрамасының мүшесі емес екенін мәлімдеді.
Галбадрах Отгонцэцэг 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада 5 жылдай өнер көрсетті.