Bugin
Фото: freepik.com
Ер адам үш адамды әдейі өртеп жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Мәскеу облысындағы Солнечногорск қаласында болған. Ер адам үш адамның өмірін қию мақсатында үйді әдейі өртеген. Қылмысты жасаған ер адам 38 жаста екен. Ол бензинмен үйдің кіреберіс есігін және ауласын өртеген, бұл оның тұрғындарына эвакуация жасау мүмкіндігін шектеген. Өрт шыққан уақытта үйде 43 жастағы әйел, оның көршісі және белгісіз бір адам болған.
Әйел оқиға орнында қайтыс болды, ал екінші тұрғын мен оның досы өрттен қашып құтылған.
Ер адам ұсталып, өрт қоюға қатысы барын мойындаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.