Bugin

Қызылорда облысында боранда жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қызылорда облысында боранды күні жоғалған бақташы табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 7 қаңтар күні түнгі уақытта Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы бақташының жоғалғандығы туралы хабар түсті. Таңғы уақытта мал бағуға шыққан бақташы қайта оралмаған. Бақташы мал шаруашылық фазендасында мал баққан. Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыны қожалықтың басқа қызметкерлері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінуге тура келген.

Полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыны іздестіру жұмыстары жүргізілген. Жоғалған бақташы түнгі 02:00 шамасында аман-есен табылған. Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы өз алғыстарын білдірді.