Bugin

85 жасқа қараған шағында қазақтың ұлы жазушысы өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жазушы Мұхтар Мағауин көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы ұлы Едіге Мағауин жазды. 

“Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті. АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)”, - деп жазды Едіге Мағауин.

Жазушы 84-ке қараған шағында қайтыс болды. Ол жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы.

Біртуар тұлғаның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.