Bugin
Фото: freepik.com
Ресейде 4 баласын өлтірген ер адамның өзі де ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға былтыр 28 желтоқсан күні Ресейдің Тверь облысындағы “Межурка” бақшасында болған. Төрт баласын өлтірді деп айыпталған ер адам өзіне де қол жұмсамақ болған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалып, сот алдында жауап беруі үшін бар күшін салғанымен, нәтиже болмады.
Бақшадан 4 баланың денесі табылған. Қайтыс болған балалардың жасы 1,3,5,7 жаста болған. Балалардың әкесі күдікті ретінде қолға түсті. Оқиғадан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, жансақтау бөліміне жеткізілген.
Төрт баласын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Тергеу комитеті заңның 2-бөлігінің “а” және “б” тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы “Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру” айыбы тағылған.