Bugin
Фото: freepik.com
Илон Маск үшінші адамның басына чип салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Neuralink компаниясы үшінші адамға ми имплантын сәтті орнатты. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск мәлімдеді. Пациент сегіз жылдан астам уақыт бойы сал болып қалған екен. Чип мидың сигналдарын оқып, оларды құрылғыларды басқару командаларына айналдырады. Операциядан кейін пациент компьютерді басқарып, шахмат ойнауды үйренген.
Бірақ чиптер ұзақ уақыт бойы мида тұрақты жұмыс істей алмайды, өйткені олар глиальды жасушалармен қапталады, бұл нейроқабынуға әкелуі мүмкін. Қазіргі болжам бойынша, чиптердің қызмет ету мерзімі 2-3 жыл болуы мүмкін.
Neuralink-ке 2024 жылы 50 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды, ал жобаның жалпы құны 5млрд долларға бағаланады. Бұл Масктың технология нарығында үлкен артықшылыққа ие екенін көрсетеді. Алайда компания жануарларға жасалған тәжірибелер үшін сынға ұшырады. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайларды тергеуге кірісті. Маск чиптердің болашақта адамдар үшін күнделікті нормаға айналатынын болжайды.