Bugin

Қоймада жарылыс болып, 10 адам ажал құшты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қоймадағы жарылыс салдарынан 10 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Қайғылы жағдай Йеменнің Эль-Байда провинциясында болды. Автожанармай құю станциясы  мен газ қоймасы жарылды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 65 адам түрлі жарақат алды. 

Захер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырып, соның салдарынан екі көрші жанармай станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар өртеніп кетті. 

Жарылыс кезінде жанармай құю станциясында көп клиент болғаны айтылып жатыр. Адамдар өртенген кешеннен қашып шығуға тырысып, бір-бірін таптап өткен. Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты. 

Жарылыстың себебі әлі белгісіз. Оня билік органдары тергеп жатыр.