Саясат
Елімізде бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – қала атаулары
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИя, Павлодар, Петропавл сынды Солтүстіктегі қалалардың өзгертулері жөнінде бір рет емес, қоғам бірнеше айтты да, жазды да. Бірақ... Не үшін ауыстырылмайтындығы түсінікті. Ресейдің Украинаға араласқан соң Солтүстік өңірі өзекті бола түсті. Себебі, қазаққа қарағанда орыс ұлты едеуір басымырақ (Петропавлда орыстар 64%, қазақтар 26%, Павлодарда қазақтың үлесі – 44%, орыстар – 43%). Осы мақсатта қазіргі таңда «Серпін», Оңтүстіктен Солтүстікке көшу сияқты бағдарламалар іске асырылуда. Алайда...
Республикамыздағы қалалардың атауы Орыс Империясы тұсында біраз өзгеріске түсті. Дегенмен бұл тек Солтүстікке қатысты емес. Алысқа бармай ақ, еліміздегі ең қазақи өңір Қызылорда(Кзыл Орда артынша Кызыл Орда деп өзгертілді) қаласының атауы дәл Кеңес Одағы тұсында 1925 жылы қойылған. Нақты аудармасы «Кзыл» түркі тілінде қызыл дегенді сол кезеңдегі советтік идеологияның түп негізі, ал «орда» моңғол тілінен аударғанда «қаланы» білдіреді.
Тарихқа көз жүгіртсек, осы аймақта ежелгі Сығанақ, Сауран атты қалалар орналасқан. 500-ге жуық тарихи маңызы бар ескерткіштер бар. Елімізде 95%-ын құрайтын Қызылорда облысының атауын қайта Ақмешіт деп өзгерту қажет пе? Неге Орыс Империясы жұрнақтарынан айырылуды Солтүстіктен емес, Оңтүстіктен бастамасқа? Бірақ Қызылорда ұғымы бүгінде халықтың жадында сол атауымен таныс болғандықтан өзгерткісі келетіні екіталай. Алайда қылышынан қан тамған қызыл үкіметті (ашаршылық, қудалау, 2 дүниежүзілік соғыс) неге осы тұста өзгертпей жайына қалдыруымыз керек?! Менің ойымша, қазақ болып қалыптасуда ең алғашқы қадам осы болуы шарт.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61