Bugin

Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматыда пышақ жарақатынан мерт болған полицей мен бейтаныс ер адам арасындағы төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мекемелердің біріне келген қонақ пен полиция қызметкері арасындағы төбелес пен айуандықпен өлтірілген сәті түсірілген видео жарияланды.

Видеода мекеме ішінде төбелестің қалай басталғаны көрсетілген.

Ер адам қасындағы бойжеткенге кенеттен шабуыл жасап, қол көтеріп, тұншықтыра бастайды. Әйел адамға көмекке басқа адамдар келеді, олардың арасында полицей де болған. Кейін жанжал төбелеске ұласып, қызды құтқармақ болған полиция қызметкері пышақ жарақатынан мерт болды. 

Қылмыскердің Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.