Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте анасын жауыздықпен өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 12 қаңтарда сағат 02:50 шамасында болған. 30 жастағы ер адам жанжал кезінде анасына ауыр пышақ жарақатын салған. Анасы оқиға орнында көз жұмды. Ер адам мәйітті аулаға шығарып, оны өртеп жіберді. 1994 жылы туған ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды.
Күдікті ұсталды. Оқиға орнында күйген әйелдің денесі табылды. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.