Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Журналист Гүлмира Әбіқай желіге видео жариялады. Видеода келіншек биіктен секірмес бұрын, ұзақ ойланып отырғанын көруге болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Әйел 8-қабаттан секіріп, мерт болды.
"Қай адам өзін ажалға қисын, секірмес бұрын өмірді қимай біраз отырды. 30-40 минуттай балконнан аяғын асып отырған әйелді бәрі байқады. Көргендер жаппай фото, видеоға түсірді. Бірақ, ешкім құтқару үшін еш нәрсе жасамады. Егер, бір адам көрген сәтте 102 не 911 хабарласқанда бір адамды құтқарып қалар еді?!”, - деп жазды журналист.
Оқиға куәгерлері жаппай “ол балконның ұшында ойланып ұзақ отырды” деп жауап берген көрінеді. Әйелдің 46 жаста екені белгілі болды.