Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: uznews.kz
2 жастағы сәби 135 магнит моншақты жұтып қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.
Өзбекстанда үлкендердің қарауынсыз қалған Ферғана облысының кішкентай тұрғыны магнит моншақтарды жұтып қойып, өміріне қауіп төнген. Жергілікті дәрігерлер консервативті әдіспен тек 14 моншақты алып тастаған.
Ата-анасы оны шұғыл түрде Ташкенттегі республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығына жеткізген. Дәрігерлер уақыт өткізбей отаға кіріседі. 4,5 сағатқа созылған күрделі операция барысында сәбидің асқазанынан 135 магнитті моншақ шығарылды.