Bugin

“Ұлы аштықтан көз жұмды” : Баласын қамап, клубқа кетіп қалған әйел іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Әйел 6 жастағы ұлын аш қалдырып, өзі клубқа кетіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ресейден келген эскорт Мексикада алты жасар ұлын жаңа жыл қарсаңында үйіне тастап, клубқа жұмысқа қашып кеткен. Енді әйелді жергілікті полиция іздеп жатыр. 

SHOT мәліметіне сүйенсек, 34 жастағы Ольга 2018 жылы жергілікті адвокаттан ұл туған. Ол баланы Омар деп атады. Балалы ана  Мехикода тұрды. Көршілердің айтуынша, Ольга жезөкшелікпен айналысады екен. 

Жаңа жыл қарсаңында Ольга ұлын жалғыз қалдырып кеткен. Кетер алдын дәрігерлерге хабарласып, ұлының жағдайы нашарлап жатқанын айтқан. 

31 Желтоқсанда Инсургентес-Миккоак ауданындағы пәтерден аш бала табылды. Бала ауруханаға бара жатып көз жұмды. 

Енді марқұм баланың анасын полиция іздеп жатыр.