Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Midjourney нейрондық желісі
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Келісімге сай, Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатып, екі тарап кепілде отырғандарды босатуы керек.
Келісімнің нақты шарттары мен мерзімдері жария етілмеді. Бірақ басты мақсат – халықтың зардап шегуін тоқтату және гуманитарлық жағдайды тұрақтандыру.
Катар астанасында бірнеше апталық келіссөздерден кейін осындай шешім қабылданды. Енді ХАМАС кепілге алып отырған ондаған адамын босатады. Ал Израильдегі жүздеген палестиналық тұтқындар босатылады. Ең бастысы Газаның барлық тұрғындарына үйлерінің соғыстан аман қалған бөлігіне оралуға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ Израиль Газа секторының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жіберуі мүмкін.
Катар шенеуніктері мен ХАМАС келісімге қол жеткізілгенін растады. Бірақ Израиль бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.