Bugin

«Ішімдік ішкен»: 20 жастағы келіншек күйеуін пышақтап өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @kabarlar

Жас келіншек күйеуіне пышақ сұқты. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Kabarlаr инстаграм парақшасының мәліметінше, қайғылы оқиға Қырғызстанның Мәскеу ауданында болған. Беловод ауылының 20 жастағы тұрғыны күйеуінің жүрек тұсына пышақ сұққан. Ерлі-зайыпты өзара араздасып қалған көрінеді. Олардың ұрыс басталмай жатып ішімдік ішкені белгілі болды. 

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал оның келіншегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қылмысқа қатысты тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам анасын айуандықпен өлтіріп, денесін жағып жібергенін хабарлаған едік.