Bugin
Фото: freepik.com
Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеше, 16 қаңтар күні сағат 17:30-да Алматының оңтүстік-батысында 109 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.
“Жер сілкінісінің координаттары: 42.330 ш. б. 76.320 с. е. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде орналасқан”, - деп хабарлады ТЖМ.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі ел аумағында сезілмеген.
Еске салайық, бұған дейін Жапонияда 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.