ТӘРБИЕ

Қазақстанды бопсалаушылар басып қалған: қылмыстық топтар құрықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

ІІМ бопсалаушы қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қаңтарда Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталған. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық әрекетке тартқан.

Петропавлда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған.

Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша жүзеге асырылып жатыр.

ІІМ-нің мәліметінше, былтыр полиция қызметкерлері 500-ден астам бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай факт Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 миллион теңге талап еткен. 

“Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі болып табылатынын атап өткен жөн", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.