МӘДЕНИЕТ
Фото: meta-ratings.kz
Қазақстан жастар құрамасының және "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев "Челси” клубындағы сынақтан сәтті өтті. Енді жас футболшы мансабын Лондонда жалғастырады, деп хабарлайды Bugın.kz порталы.
"Челси" клубы Дастан Сәтбаевты өз құрамына қабылдау туралы шешім шығарды. Алдағы уақытта ол аталған клубта ойын көрсетеді. Ауысым келесі аптада болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтбаев Лондонда жүрген суретін әлеуметтік желіде жариялап, "Челси" клубында сынақтан өтіп жатқанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде "Қайраттың" негізгі құрамында дебют жасады.