Bugin

Астанада жасөспірім биіктен құлап көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.