Bugin
Фото: Инстаграм/Qaznews24
Танымал Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол 174-бап бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе дәни алауыздықты қоздыру") айыпталып отыр. Темірлан Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қалалық полицияның тергеу басқармасы әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
“Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Instagram желісінде 51 мыңнан астам жазылушысы бар QazNews24 паблигі сатиралық бағыттағы жазбалар жариялайды.
Осы жағдайдан кейін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты.
Руслан Бикетов қолына қағаз плакат ұстап бес минут тұрды. Кейін журналисті полиция алып кетті. Бикетов Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.