САЯСАТ
Әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстанда кездесу өткізуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Чемодан госсекретов" телеграм арнасының мәліметінше, қазір кездесу орнына қатысты пікірталастар қызу жүріп жатыр.
"Кездесу орны ретінде екі ел қарастырылып жатыр: Венгрия мен Қазақстан. Ал Ресей тарабы Швейцарияны ұсынылған нұсқалардан алып тастаған. Бұл кездесу Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты талқылауға арналуы мүмкін. Шамасы, кеше Президент Тоқаев пен Венгрия премьер-министрі Орбанның телефон арқылы сөйлесуі барысында осы тақырып қозғалған болар", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар кездесуге украин тарапы қатыспайды деген болжам да айтылып жатыр.
Айта кетейік, Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтіп, Трамп екінші рет президенттікке кірісті.