Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
Ақтөбе облысында кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еске салайық, 14 қаңтарға қараған түні ер адам 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алған еді. Әйелдің егде жастағы анасы мен өгей әкесіалған пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті әйелдің бұрынғы жігіті екен. Ол әйелмен бірге тұрған.
Әйел ата-анасының көз жұмғанын әлі білмейтін еді. Сонымен қатар ол бүгінгі күнге дейін арнайы операцияның қалай аяқталғанын білмейді. Оны ауруханадан туыстары алып кетті.
"Науқас жалпы жағдайының және денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ұсыныспен үйіне шығарылды. Одан әрі бақылау тіркелген жеріндегі емханада жүргізіледі", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Әйел ата-анасымен бірге тұрмаған. Сол күні ол ата-анасына қонаққа барғаны айтылды. Күдікті үйге кіре салып, әйелдің 74 жастағы өгей әкесіне және 67 жастағы анасына пышақ жарақатын салған. Ер адам оларға жарақат салғаннан кейін, сүйіктісін басқа бөлмеге қамап, денесін пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан. Бұл кезде әйелдің 17 жастағы ұлы үйде болмаған. Жігіт үйіне келгенде, қан іздерін көріп, дереу туыстарын көмекке шақырған. Ал олар полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшылары күдікті Б-мен үш сағат бойы келіссөз жүргізді, бірақ ол ешқандай талап қоймағандықтан және кепілге алынғандарды босатпағандықтан, үйге басып кіру туралы шешім қабылданған.