Bugin

Малайзияға оқуға кеткен қазақ қызы қаза тапты: СІМ түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Envanto

Сыртқы істер министрлігі Малайзия ауруханасында көз жұмған қазақстандық студенттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Былтыр 26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуінен көз жұмған. Марқұмның анасының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде ем-дом шараларын жасамаған көрінеді. Ол Малайзиядағы университеттің бірінші курс студенті болған. Туыстарының мәліметінше, оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп, оқу орнының қызметкерлерінен медициналық көмек сұраған. Бірақ қыз көп ұзамай көз жұмады. 

"Малайзиядағы Қазақстан елшілігі қайтыс болған қазақстандық студенттің денесін елге тасымалдауды ұйымдастыруға барынша күш салды. Елші ауруханамен, университетпен және сақтандыру компаниясымен арада туындаған мәселелерді шешуге атсалысты. Денені тасымалдау, жерлеу рәсімдеру және анасының әуе билеті медициналық сақтандыру қызметінің есебінен төленді", - деп мәлім етті ведомство өкілі Айбек Смадияров. 

Сонымен бірге ол Қазақстан елшілігі қызметкерлері отандасымыздың өлімі дерегі бойынша ішкі тергеу жүріп жатқан ауруханамен де ұдайы байланыста екенін жеткізді. Тексеріс нәтижелері марқұмның анасына тапсырылады. Сондай-ақ елшілік университетпен де байланыста және ары қарайғы құқықтық әрекеттер мәселелері бойынша студенттің анасына көмек көрсетіп жатыр. 

“Шетелдегі Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алуға қатысты, бұл ерікті рәсім болып саналады және ешкім міндеттелмейді. Консулдық есеп біздің азаматтардың уақытылы құқығын және заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді және тек ұсыныс ретінде айтылады", - деді СІМ өкілдері.