САЯСАТ

Тоқаев Трампты президенттік қызметке кірісуімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коллаж: kz.kursiv.media сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Дональд Трамп тағы да АҚШ президенті болып сайланды. 

Кеше, 20 қаңтарда Вашингтонда өткен инаугурацияда Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде ант беріп, төртжылдық қызметіне кірісті. 

Жаңа сайланған Дональд Трамп Ақ үйге қайта оралды. Ол ресми түрде АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде қызметіне кірісті.

"Мен Америка Құрама штаттары президентінің міндеттерін орындауға және АҚШ Конституциясын қорғауға ант етемін"- деді су жаңа президент.

Инаугурацияға Трамптың жақындары – жұбайы мен балалары қатысты. Сондай-ақ, шараға бұрынғы президенттер Барак Обама, Джордж Буш және Билл Клинтон жұбайларымен келді. Әлемге әйгілі бизнесмен Илон Маск та салтанатты жиынның құрметті қонақтары қатарында болды. Масктың Трамп саясатына қолдау білдіруі көпшіліктің назарын аударды.