Bugin

Кілемге оралған: Із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Петропавлда іздеуде жүрген ер адамның мәйіті оралған кілем ішінен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

CMN.KZ порталының мәліметінше, 47 жастағы ер адам 6 қаңтардан бастап жоғалып кеткен екен. Жоғалған адам 19 қаңтарда жалға алынған үйдің ауласында өлі күйінде табылды. Марқұмның арқасы мен мойын тұсында жарақаттары бары белгілі болды. 

Мәліметтерге сүйенсек, ер адам 6 қаңтар күні өлтірілген. Ішімдік ішкен екі дос жанжал кезінде ер адамды өлтіріп қояды. Қылмысты жасыру үшін олар денені кілемге орап, қарға көміп тастаған. 

Полиция күдікті ретінде петропавлдық екі тұрғынды ұстады.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61