Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйінде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 76-ға жетіп, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, мәлімдеме жасаған елдің Ішкі істер министрі Али Ерликая қаза тапқандар саны 76-ға, жараланғандар саны 51-ге жеткенін айтты.
"Құрметті достар, біз халық ретінде үлкен қайғыны бастан кешіп жатырмыз. Өрт салдарынан 76 адам қаза тауып, 51 адам зардап шекті", - деді Түркияның ішкі істер министрі.
Қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бүгін, 22 қаңтар Түркияда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақ үйде өрт шыққанын хабарлаған едік. Ол кезде 10 адам қаза тауып, 32-сі жараланғаны белгілі болған еді.